300
Алматы облысында жаңа зауыттар ашылды
Алматы облысында жаңа зауыттар ашылды
«Холонд Грин Тек» ЖШС-ның жылыжайларға арналған металл құрылымдарын шығаратын зауыты Елтай ауылдық округіндегі Көкөзек ауылында ашылды. Тартылған инвестиция көлемі – 2,1 млрд теңге, 30 жұмыс орны құрылған. Күніне 8 тонна каркас шығара алады. Өндірісте голландиялық технология қолданылады.
Зауыт директоры С.Бисембаевтың айтуынша, компанияның негізгі қызметі – инженерлік және техникалық құрал-жабдықтар жеткізу, өндірістік жылыжай кешендері үшін конструкциялар шығарып, құрастыру, жылыжай кешендерін толығымен орнату, сол сияқты жылыжай шаруашылықтарының жұмысына агрономиялық қолдау көрсету.
Іске қосылған екінші нысан Жармұханбет ауылында орналасқан. «Алматы шыны» ЖШС-ның бұл зауыты шыны ыдыстарын шығарады және декорациялайды. Инвестиция көлемі – 12,2 млрд теңге, 400 жұмыс орны құрылған.
Кәсіпорын шыны ыдыстарын шығаратын жоғары өнімділікті құрал-жабдықтары бар жаңа технологиямен қамтамасыз етілген. Өндіріс процесінің соңғы кезеңінде өнім қапталады, бұл өз кезегінде өндіріс өнімінің сапалы сақталуы мен тасымалдануына мүмкіндік береді.
Зауыт базасында жұмысшылар үшін 2 жатақхана салынып, оларды үш уақыт тегін тамақтандыратын асхана жұмыс істейтін болады.