«Қазақстан халқына» қорының білім грантына кім үміткер бола алады?

«Қазақстан халқына» қорының білім грантына кім үміткер бола алады?

«Қазақстан халқына» қорының білім грантына кім үміткер бола алады?
ашық дереккөзі
205
«Қазақстан халқына» қорының білім грантына кім үміткер бола алатыны, конкурсқа қатысу шарттары қандай болатыны белгілі болды. Бір грант бір миллион теңгеден аспайды. Бұл туралы қордың ресми сайтында жарияланды. Жалпы қор 360 грант бөледі, оның 258-і – үміткерлерге.  Қалған 102 грант қазірдің өзінде білім алып жатқан студенттерге арналған.  Биылғы бағдарлама бюджеті – 378 миллион теңге. Гранттар биыл орта білім алған талапкерлерге және келесі санаттар бойынша бакалавриат бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге беріледі:
  • Ауылда тұратын аз қамтылған отбасы балалары;
  • Ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Мүмкіндігі шектеулі балалар.
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылардан шыққан студенттерге және ата-анасы немесе ата-анасының біреуі мүмкіндігі шектеулі студенттерге грант беріледі. Талапкерлердің өтініштері ҰБТ тапсырғаннан кейін, тамыз айында қабылданады. Студенттер шілде айының ортасында өтініш бере алады.  Толық ақпарат қордың сайтында және грант бағдарламасына қатысатын университеттердің сайтында жарияланады. – Грант сомасы бір миллион теңгемен шектеледі. Мысалы, студент өтініш беріп, оның оқуы бір жарым миллион теңге болса, біз миллион төлейміз, ал студенттің өзі қалған соманы төлеуге тырысады. Осыған қарамастан, ол шәкіртақы иегері атанады», – деп түсіндірілген ақпаратта. Студенттер грантқа үкіметтік емес ұйымдар арқылы құжат тапсыра алады, олардың тізімі 20 маусымнан кейін «Қазақстан халқына» қорының сайтында жарияланады.  Биыл орта мектепті бітірген талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы арқылы құжат тапсыра алады.

Яна РАХМАНОВА

Серіктес жаңалықтары