381
ҚР Бас прокуратурасы Әблязовтің экстрадициясы жайлы пікір білдірді
ҚР Бас прокуратурасы Әблязовтің экстрадициясы жайлы пікір білдірді
ҚР Бас прокуратурасы Францияның мемлекеттік кеңесінің қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің РФ-ға беруге қарсы болуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Бас прокуратурасы тергеуі аяқталған барлық жағдайдағы айыпталушыларды ұстауға, әділ сот жүргізуге және шығынды өндіруге заңда қарастырылған барлық шараны қабылдайды.
"2016 жылдың 9 желтоқсанында Француз Республикасының Мемлекеттік кеңесі Францияның премьер-министрінің Әблязовті Ресейге РФ-ның экстрадициялық сұранысы бойынша бермеу туралы шешім шығарып, оны қамаудан босатты. Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы осы жағдайға байланысты ресми хабарлама арқылы ұстанымын білдірді", - дейді прокуратура өкілдері.
Ресей Бас прокуратурасы Францияның мемлекеттік кеңесінің қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің РФ-ға беруге саяси себептер бойынша сұралып отырғаны туралы тұжырымымен келіспеген болатын. Бас прокуратура өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың 9 желтоқсанында Францияның Мемлекеттік кеңесі осы елдің премьер-министрінің Әблязов Мұхтар Қабылұлын беру туралы 2015 жылдың 17 қыркүйегінде қол қойылған декретін жойды. Бұған негіз ретінде Мемлекеттік кеңес Әблязовті беру саяси мақсаттарда сұралғанын айтты.
"Ресей Федерациясының бас прокуратурасы бұл шешімді негізсіз деп есептейді, халықаралық құқық нормаларына сәйкес келмейді, сондай-ақ француз соттарының бұған дейін шығарған шешімдеріне қайшы", - деген еді ресейлік бақылау ведомствосының ресми өкілі Александр Куренный.