Жаңаөзенге де жақсылық сыйлаған жампоз

Жаңаөзенге де жақсылық сыйлаған жампоз

Жаңаөзенге де жақсылық сыйлаған жампоз
ашық дереккөзі
790
Қазақ мұнайының игеріле басталғанына 120 жылдан асты. Бүгінде еліміз жылына 90 миллион тоннаға жуық мұнай өндіреді. Дүние жүзіндегі алпауыт мемлекеттерде өндірістің өркендеп дамуы мұнай-газ қор­ларына барлау жүргізу мен өндіру қар­қы­нын өте жоғары деңгейге көтерді, ал өңделген мұ­най өнімдерін сату мол қаржы та­будың бірден-бір тиімді жолына айналды. Бұл үрдіс біздің де даламызда мұнай мен газды өн­діру және өңдеуді жолға қойды, сондай-ақ бас­қа да табиғи байлық кендерінің көздерін ашып, елімізді тездетіп индустрияландыруға ар­қау болды. Сонымен қатар өндіріс сала­сы­ның қарқынды дамуы біздің атам заманнан бері қалыптасқан, тек қана ауыл шаруашы­лы­ғы­мен айналысатын қоғамымызға жаңа жұ­мыс табының пайда болуына септігін ти­гізді. Осы тың салаларды игеруде, әсіресе мұ­най-газ өнеркәсібінде көптеген қазақ аза­маты маңдай терін төгіп, қиын да абыройлы жұ­мыстың қыр-сырын толық меңгеріп, Ота­ны­мыздың экономикалық әлеуетінің өсуіне мол үлесін қосты. Солардың арасында атақ-даң­қы бүкіл Алашқа әйгілі болған Балғым­баев­тар әулеті бар. Біздің мақаламыз қайрат­кер­лер шыққан сол отбасының шоқтығы биік бір өкілі – Нұрлан аға Өтепұлы туралы болмақ. Қазақ халқының нар тұлғасы Нұрлан Өтепұлы туралы жазылған еңбектер жет­кілікті, тіпті ол өмірден озса да қазақ елі үшін атқарған қажырлы еңбегі, адамгершілігі мен ұлтсүйгіштігі ұмытылған емес. Дегенмен де Нұрекеңнің Жаңаөзенге жасаған еңбегін кө­зімен көрген азамат ретінде өткенге шолу жа­сап, ағамыздың рухы алдында інілік пары­зымды өтесем деген ой көптен көкейімде жүр еді. Мен Өзен мұнайын алғашқы игеру­ші­лердің ортасында өскендіктен, Бал­ғым­баевтар әулеті мен Нұрлан аға жайында жас­тайымнан қанық болдым, десе де ол кісі­мен алғаш рет кездесуіміздің сәті 1999 жылдың қа­зан айында түсті. Соның алдында Жаңаөзен қа­ласының әкімі Әбілхан Машани аға қыр­күйек­тің он алтысында сенатор болып сай­ланған-ды. Заңға сәйкес, сайлауға үміткер бол­ғандықтан, Мәкең тамыз-қыркүйек ай­ларында жұмыста бола алмады. Қазан айының бірі­нші декадасында Нұрлан Балғымбаев «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясының жаңа басшысы ретінде Ақтауға іссапармен ұшып келді. Ол күндері елдің тұрмыс жағдайы өте төмен деңгейдегі кез еді, себебі өндіріс тұра­лап, мекемелер банкрот болып, мардымсыз жа­лақының өзін де мезгілімен төлей алмай жат­қан уақыт. «Нұрлан Балғымбаев Ақтау қа­ла­сының әкімдігіне келеді» деген хабарды ес­тіген­нен-ақ сұрақтарымды әзірлеп, Жаңаөзен қаласында қалыптасқан жағдайларға қатысты мә­селелерді жеткізу мақсатымен кездесуге бар­дым. Аздаған топ қала әкімшілігінің қо­нақүй жағындағы орталық көшені жауып тас­тамақ болып жүр екен, олардың қоятын та­ла­бы – зейнетақы мен жалақы мәселесін ше­шуді жоғарғы жаққа жеткізу.  width= Қала тұрғындарының мақсаты Н.Бал­ғым­баев Премьер-Министр қызметінен кет­кені­мен, ел алдында абыройы мен беделі өте жо­ғары болғандықтан, осы азаматпен кездессек, қол ұшын берер, мәселелерді шешуге ықпалын тигізер деген үлкен үміттен туындаған-ды. Кеңсеге кіріп амандасып, өзімнің Жаңаөзен қа­ласынан келгенімді, қала әкімінің қызметі ауысуына байланысты уақытша міндетін атқарушы екенімді жеткіздім. Жаңаөзен қа­ласында күрделі, шешімі күттірмейтін өзекті, шұғыл мәселелер көп еді, сондықтан іріктеп, негізгі он бір сұрақты баяндадым. Мұқият тыңдап болған Нұрекең, «Жал­ғас, сен тоқта, мен бір айдан соң ар­найы Жаңа­өзенге іссапармен келемін», – деп сө­зін жалғады да, «Жә, мына проблемалардың іші­нен ең тез арада шешілуге тиіс үшеуін ірік­теп айт, келесі жолыққанда қалғандарына тоқ­таламыз», – деді. Бұл кездесу мені ерекше таң­ғалдырды, себебі Нұрлан Балғымбаев еңбек жолын Жетібай кен орнында бастап, уақыт өте келе мұнай саласының нағыз майталман ше­бері дәрежесіне көтеріліп, сала министрі, елі­міздің Премьер-Министрі лауазымдарын ат­қарса да, өте кішіпейіл, аса қарапайым, са­бырлы, ұстамдылығымен жүздескен адамды қай­ран қалдыратын тұлға екенін көрдім. Өр мінез­ді, тентек азамат деп те сырттай көп ес­тігендіктен, кездесуге келгенде «Қалай қабыл­дай­ды, сұрақтарымды тыңдар ма екен?» деп ой­лап қобалжып келгенмін, бірақ та ел тағ­дыры жайлы мәселелерге келгенде ағамыз еш­қандай оқыс мінез танытпай, жанашыр­лық­ танытып, қойған әрбір сұрағымды орын­ды санады. Шындығын айтсам, қазір өзім­нің сол уақыттардағы батылдығыма таң­ғалам. Әсіресе, Астана қаласы қаржы ми­нистр­лігінің ғимаратында өткен Үкімет мүшелерімен барлық деңгейдегі әкімдердің бетпе-бет кез­десуін­де Жаңаөзен қаласы үшін өзекті жеті қиын мәселені залдағы 500 адамның алдында тай­салмай айтып, жоғарғы билікке батыл қой­ғанмын. Дегенмен ол батылдық ел алдындағы жауапкершілік жүгінің ауырлығын толықтай сезінгенімнен болар деп ойлаймын. 2001 жылғы 5 қыркүйекте Нұрлан Өте­пұлы­ның шақыруымен Кендірліде Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың келу сапарына орай бәрі­міз жиналдық. «Ресми қонақтарды қалай кү­тіп аламыз, қай жолмен жүреміз, қала мен өн­діріске байланысты қандай сұрақтарды кө­тереміз?» деген мәселелерді шештік. Кенет ойламаған жерден Нұрлан аға: «Жал­ғас, Жаңаөзен бір тәулікте қанша су пай­да­ла­на­ды?», – деді. Мен: «Қыста 35-40 мың текше метр, жазғы мезгілде 25-30 мың­дай», – дедім. Ол: «Неге олай? Ақтау қаласының хал­қы Жаңаө­зен қаласының тұрғындарынан екі есе көп, бірақ тәулігіне 20 мың ауызсу және 20 мың тех­никалық су тұтынады, неге бұл мә­селені шеш­пейсің?», – деді. Содан соң: «Жаңа­дан құрыл­ған коммуналдық шаруашылықтағы ме­ке­мені акционерлік қоғамға аударыпсыңдар, егер ол рас болса, біз қаланы «Бас келісімшарт» бойын­ша қаржыландыруды тоқтатуымыз ке­рек, бұл қалай болды, неге бізге ескерт­пе­діңіз?», – деп сұрақтарды жаудыртып алды да, «Қазір сені жұмыстан алып тастасам қайтесің?», – деді. Мен де іркілмей: «Аға, сабыр етіңіз, түсін­діру­ге мұр­ша беріңіз, менің әкім болғаныма барлығы он бес-ақ ай болды, қазір қаланың проблема­ларын толық білемін, жоспарлар мен жо­балар жасақталды, бірақ шешуге уақыт пен қар­жы керек», – дедім. Менің бұл жауабыма Нұрекең рақат­та­нып күліп алды, содан соң «Сені мен қыз­меттен босата алмаймын, сені орныңнан тү­сіретін облыс әкімі Ләззат Кетебайұлы, де­ген­мен біле тұра осылай сыйлап жауап бер­геніңе рақмет», – деді. Нұрекең осылай деп айтқанымен, кейінірек Жақсылық Сма­ғұлұ­лы­нан естігенім бойынша, кеңсесінде облыс әкімі Ләз­зат Кетебайұлымен Жаңаөзен мәселелері жөнінде кездескенде мен туралы «Қала әкімі болу­ға лайықты жігіт» деп өз пікірін айтып, ке­лісімін берген екен. Н.Балғымбаевтың тап­сырмаларына жауап әзірлеу үшін Бейімбет Шаях­метов екеуіміз Жаңаөзенге кері кеттік жә­не ертесі күні түске таман тиянақты, ауқым­ды анықтамаларды әзірлеп есеп бердік, құжат­тармен танысып болған соң ол бізге орындауға ме­желі уақыт берді. Реті келгендіктен айта кет­сек, сол жылдары қала әкімі Машани Әбіл­хан мен өндіріс басшысы Жақсылық Жан­ға­зиев­тің маған берген тікелей тапсырмасына сәй­кес, біздің жаңа құрған коммуналдық шаруа­шылықтағы мекеме 178 көпқабатты үй­дің жертөлелерін жылдар бойы жиналған қо­қыстан толықтай тазалап, жөндеу жүргізіп, әк­теді де жаңадан құрылып жатқан жеке пәтер ие­лері кооперативтерінің балансына өткізді. Нә­тижесінде, Жаңаөзен қаласында елдің жыл­дар бойы мазасын алған «маса» проблемасы жойыл­ған-ды, әрине бүкіл инженерлік жүйе­лерді ауыстыруға қажет құбырлар мен қара­жат­ты мұнайшылар қаржыландырды. Соны­мен, 6 қыркүйекте қазақ елінің Тұңғыш Пре­зи­дентімен екінші рет кездесіп, дастарқандас бо­лып, тілек айту мүмкіндігіне ие болдым. Бұл, әри­не біз үшін өз кезеңіндегі елеулі оқиға бол­ған-ды. Нұрсұлтан Әбішұлы Кендірлі бұғазын қайықпен аралап, итбалықтар мен құс­­тардың түр-түрін көрді, жағалау қатты ұна­ған болуы керек, келген бойда жеке фо­тог­рафы А.Устиненконы суретке түсіруге жіберді. Жа­ғада орналасқан балалар пионер лагерінің аймағында үш киіз үйді біріктіріп тігіп, қа­зақ­тың салт-дәстүрімен қонақасын бердік. Ас үс­тінде жағалаудан мұнайшыларға арнап де­ма­лыс орнын салуға рұқсатын берді. Сөзімді әрі қарай жалғастырсам, Нұре­кең­мен кездескендегі бірінші кезекті мәселе Теңге ауылындағы 860 орындық мек­теп­ті іске қосуды қолға алдық, бірақ қаржы тап­шылығына байланысты үшінші қабатын көтеруге мүмкіндік болмады. Яғни, «сақалды» құры­лысты аяқтауға кірістік, құрылыс-құрас­тыру жұмыс көлемін трест «МНГС» ұжымына, яғни бастапқы мердігерге беруге ұйғардық, се­бебі алдымызда қосалқы мақсат – тарау ал­дында тұрған мекемені қайтсе де банкрот­тық­тан сақтап қалу қамы еді. Екінші нысан – қалалық перзентхананы күрделі жөндеуден өткізу, сол арқылы «са­льмонеллез» деген жұқпалы аурудан ғи­ма­ратты тазалау. Бұл өте қиын кез еді, өйткені қа­ла бойынша өмірге жаңа келген сәбилер ара­сында шетінеу, мың балаға шаққанда қы­рық бір промильге жетті, жалпақ тілмен айт­қан­да, сәби өлімі орташа республикалық көр­сеткіштен үш есе жоғары болып тұрды. Дәрігерлердің айтуынша, дамыған елдердің бұл көрсеткіші 3 промильден аспайтын көрінеді және олардың халқы перзентті болуға алдын ала дайындалып, денсаулыққа үлкен көңіл бө­леді екен. Перзентханаға шұғыл жөндеу жүр­гізіп, қажетті жабдықтарды алып берген соң жағдай күрт түзелді, көрсеткіш респуб­ли­калық деңгейге түсті. Қосымша өмірге ерте кел­ген, салмағы өте аз шақалақтарды аман алып қалу үшін алғаш рет екі кюбез аппараты са­тып алынды. Бұл бұрын-соңды болмаған баға жетпес еңбек болатын! Осы игілікті жүзеге асыруға мұрындық болған мұнайшы аға­лары­мызға ұрпағы өсіп-өнген Жаңаөзен халқының аты­нан әлі де мың мәрте алғыс айтамын. Өмір­ге сәбидің келуі де, өмір сүруі де, шетінеп кетуі де Алланың ісі ғой, бірақ жамандықтың жолын кесу­ге адамдық әрекет жасап, оның берекеті осы­лайша жүзеге асқан болатын. Кейін Нұрлан Өтепұлы бастаған арнайы жұмыс тобы іссапармен келіп қаладағы барлық проблемамен егжей-тегжей танысты, түйткілді мәселелерді бірігіп, біртіндеп шеше бастадық. Үшінші күрделі мәселе жұмыссыздық болатын. Себебі қаладағы әлеуметтік бө­лімде төрт мыңнан астам адам тіркеуде болса, оның ішінде тең жартысы, екі мыңдайы ер-азамат еді, жұмыссыздық деңгейі 12,5 пайыз бол­ды. Бұл мәселе Н.Балғымбаев құрған жұмыс тобы әзірлеп әкелген «Экологиялық бағ­дар­ла­ма» деген жобамен іске асырылды. Яғни, «Өзен» кен орны аймақтарында 40 жыл бойы қор­да­ланған, топырақпен араласқан мұнай көл­шіктерін, металдар мен құрылыс қал­дық­тары­нан тазалау. Кезінде геолог-мұнайшы Сайлау Жыл­қайдаров ағамыз сыйлаған ғарыштан тү­сіріл­ген «Өзен» мұнай кен орнының үлкен картасы менде әлі де сақтаулы, ол картада өндіріс аймағы қоқысқа әбден толғаны айқын көрінеді. Бұл жобаны іске асыру үшін он жаңа же­ке мекеме ашып, әрқайсысына жүзден, бар­лы­ғы мың жігітті төрт жақты «Өзенмұнайгаз ак­ционерлік қоғамы – қалалық әлеуметтік бө­лім – жаңа мекеме басшысы – жұмыссыз аза­мат» келісімшартымен, жұмысқа қабылдау ар­қылы жүзеге асырдық, әрбір азаматтың қо­лына 20 мың теңгеден таза жалақы берілді. Бұл жалақы өз кезеңінде едәуір айлық еді. Осыдан соң қаладағы саяси-әлеуметтік ахуал тез жақсарды. Өзара келісілген бағ­дар­ла­маға сәйкес бой көтерген «Аруана» қонақүйі Жаңаөзен қаласының көрікті, салтанатты мерекелік шараларын өткізетін орынға айнал­ды. Біртіндеп аяқталмаған құрылыс болып, ұзақ жыл бойы тұрып қалған № 66, 67 тұрғын үйлердің құрылысын жандандыру үшін қаржы бөлінді, мердігерлікке тағы да қаржылық дағ­дарыстағы трест «МНГС»-ті тарттық, кейін дайын болған пәтерлер Екінші дүниежүзілік со­ғысқа қатысушылар мен тыл ардагерлеріне, көп­балалы Батыр аналарға тегін берілді. «Мұнайшы» мәдениет сарайын да күрделі жөн­деуден өткіздік, ол үшін ғимаратты жер­гі­лік­ті әкімшілік балансынан шығарып, «Өзен­мұнайгаз» акционерлік қоғамына беруге тура кел­ді, басқаша қаржы бөлу мүмкіндігі болмады. Айтпақшы, мәдениет сарайын іске қосқан соң ертесі күні болашақ орталық стадион құры­­лысының да қазығы қағылды. Өзен мұ­найшыларының өз қолымен салған «Кендірлі» демалыс орны тоғыз ай ішінде іске қо­сылды және қаламыздың мақтанышына ай­налды. Кендірлі демалыс орнының ашылуы­на бес мемлекет басшысы қатысқан болса, кейін шетелдік инвесторлар кеңесінің кездесуі, Каспий теңізі маңы елдерінің экологиялық сам­миті сияқты ауқымды мемлекеттік шаралар өткізілді. Жоғарыда аталған нысандарға ұзын ырғасы екі мыңға жуық адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілді, сөйтіп өндіріс басшылары мен жергілікті әкімдердің бірлігі мен қоян-қолтық қызмет еткенінің нәтижесінде елдің тұр­мыс-тіршілігі әжептәуір түзелді. Ортақ проб­лемалар күн тәртібінен түскен соң мұнай­шылар да алаңдамай өз қызметтерімен айнала­суға мүмкіндік алды. Сондай-ақ мектептерді компьютерлендіру, интерактивті тақталармен қамтамасыз ету, тұрмысы төмен отбасылар мен әлеуметтік топтарды қолдау, ардагерлерге құрмет, өкпе ауруларымен емделуші жандарды қосымша тамақтандыру, ипподром салу, қа­лалық әуежайды күрделі жөндеуден өткізу (бір ай бойы Жаңаөзеннен Атырауға ұшақ ұшты) сияқты көптеген жұмыс Бас келісімшарт не­гізінде іске асырылды. Бұл ауқымды шараларды атқару кезінде «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы президенті болған аса білімді, қала­мыздың әрқашанда қамқоршысы, іскер басшы, еліне елеулі азамат Мұрат Құрбанбаевтың еңбегі орасан еді.  width= «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасы­сын» дейді атам қазақ. Бүкіл Қазақстан аймақ­тарында орналасқан мұнай кен орындарынан келген сан алуан маман иелері өзара жарысқа түсіп, үздіктері аса бағалы сыйлықтар алды. Осы үлкен мерекелік шара соңында барлық мұ­най басшылары мен ел азаматтарының ал­дында Нұрлан Өтепұлы менің қала басшысы ре­тінде атқарған еңбегімді бағалап алғыс айт­қанын ешқашан ұмытпаспын. Барлық түбек халқы жақсы білетін, 2000 жылдың қыркүйек айында республика деңгейде өткізілген Пір Бекет атамыздың 250 жыл­дығына арналған астың және құры­лыс­тар­дың идеялық авторы Ләззат Кетебайұлы бол­са, ал қаржыландыру мәселесін бөлісе кө­тер­ген Нұрекең басқарған мұнайшылар еді. Бар­лық мәселеге зор жауапкершілікпен, терең­нен зерделеп қарайтын ағамыз өмірден тым ерте кетті, әлі де елге бергенінен беретіні көп қайран аға – ел тұлғасы, біртуар азамат еді! Мұнай министрі кезінде Нұрлан Өтепұлы 1995 жылы тамыздың 22-інде Жаңаөзен қаласында жи­налыс өткізіп, ауыз және сарқынды суды та­залау, Кендірліден демалыс орнын ашу жө­нінде тарихи шешім қабылдаған болатын, ол хаттама менде әлі де сақтаулы. Ұмытпасам, ке­лесі күні Нұрекең қала мен өндіріс басшы­лары­мен бірге Кендірліге арнайы барып, жаға­лау­ды аралап көрген болатын және араға алты жыл салып құрылысты бастатып, жоба осылай іске асты. Сапалы ауызсу жаңаөзендіктер үшін қай мезгілде де күрделі де ауыр мәселенің бірі бо­латын, сондықтан Еділдің суын тазалайтын «МУД-720» маркалы француздардың «Дегре­мон» компаниясының қондырғысын алдыр­тып, қаламызға орнатып берген-ді. «Өзен­мұнай­­газ» акционерлік қоғамының бас дирек­торы Жақсылық Смағұлұлының тікелей тап­сырмасына сәйкес, бұл жобаны жүзеге асыруға басынан аяғына дейін белсене араластым, тіпті «Өзен жөндеу-құрылыс» басқармасының ди­ректоры қызметін тастап, «Өзенмұнайгаз» ак­ционерлік қоғамының құрылыс департа­ментіне ауысуға да тура келген-ді. Қондырғы пайдалануға берілген соң қала бойынша гепатит көрсеткіші республикалық деңгейде тө­мендеді, негізінен сары ауру дерті ауызсу са­пасына тікелей байланысты екен. Мен бұл мақалада Нұрлан Өтепұлының жалпы мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы атқарған ұлан-ғайыр еңбегін, республика деңгейіндегі үлкен шараларды ұйымдастырудағы біліктілігі мен қабілеті жөнінде сөз қозғаған жоқпын. Мен Нұрекең бастаған ағаларымыздың «Өзен» мұ­най кен орындағы атқарған еңбектерінің кей­біріне ғана тоқталамын. Жүзеге асырылған үл­кен жобалардың арасында УПСВ-1, УПСВ-2 (ал­дын ала мұнайды судан айыру) комплекс­тері­нің құрылыстары өнеркәсіп үшін ерекше орын алады. Сонымен қатар Солтүстік Қазақ­стан облысында алғаш құрастырылған бұрғы­лау мұнараларын «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы игеріп отырған «Өзен» кен орнында сы­нақтан өткізіп, «Бұрғылау» ЖШС-на пайда­лануға берілуі де өте маңызды оқиғалардың бірі болатын. Жақында «Маңғыстау» газетінің 6 қаңтардағы нөмірінде «Қазақойл» ҰМК бас­шыларының 1999 жылғы желтоқсанда Жаңа-ө­зен қаласы тұрғындарының «Қазтрансойл» акционерлік қоғамы жеткізген ауызсуы үшін қордаланған 243 миллион теңге берешегін жабудың ешбір амалын таппай, Астанадағы мұнай саласының басшылары болған ағаларға арқа сүйеп барғанмын. Бұл – Жаңаөзен тұр­ғын­дары үшін күрделі мәселе, сондықтан менің «жанайқайымды» түсініп, тауымды жық­пай, тез арада шешіп бергенін аса ризалықпен жазғанмын. «Қуана білмегенге құт қонбайды» де­мек­ші, өзімді Нұрлан Балғымбаев сияқты ел тұл­ғасы бастаған, қазақ елінің тәуелсіздігінің ір­ге­тасын қалаған, мемлекетіміздің қалып­тасуына өрелі үлес қосқан ағалармен қызмет­тес, әріптес, үзеңгілес інілерінің бірі болып тә­лім-тәрбие алғаныма және де тапсырмаларын абыроймен орындап, сенімдерін ақтай алға­ны­ма өзімді бақытты сезінемін. Уақыт өте келе менің түсінгенім, сол кез­дегі басшы ағалар үшін елдің қамы, ха­­­­лықтың тұрмыс-жағдайы өндірістің күн­делікті күйбең тіршілігінен анағұрлым жоғары тұр­ған екен. Олар Бауыржан Момышұлы ата­мыз айтқандай, «Ел дегенде еміреніп, жұрт де­генде жүгініп қызмет еткен» жандар еді. Дәл сол мезгілдері қала мен өндіріс арасында өте іс­керлік байланыс орнаған-ды, әттең кейінгі жас менеджер басшылар тек мұнаймен ай­на­лысып, әкімшіліктен сырт айналып, қала тір­лігіне қатысты мәселелерді немқұрайды тың­дап, өзім білдікке салынды, тіпті жазған өтініш хат­тарымызды атүсті қарап, сыртымыздан әр­піл-тәрпіл сөйлейтін кездер де болмай қал­ған жоқ. Ол басшылар кәсіподақтың қор­да­ланған қаражатын мезгілімен аудармай, кә­сіп­одақты әбден әлсіретіп, ел алдында беделіне нұқ­сан келтірді, сондықтан ел ендігі жерде өн­діріс басшысы мен кәсіподаққа арызданбай, ереуілдеуші топ басшыларына иек артатын жағ­дайға жеткен-ді. Мұнайшы жұмысшылардың әлеуметтік пакеттерін ең жоғарғы деңгейге көте­ріп, республикада жұмыс берушілер арасында бірін­ші орын алдық деп масайрап, халыққа енді тек жұмыс істеңіздер деген талап қойып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді мүлдем ұмыт­ты, жұмысшы халықпен арадағы байла­ныс­ты сөйтіп жүріп үзіп алған-ды. Оның кейін­гі салдары бәрімізге белгілі. Өкініштісі, жас толқын басшылардың кейбіреулері Нұр­лан Балғымбаев сияқты сардар басшылардың салған сара жолымен жүре алмады. Дегенмен барлығын бірдей кінәлауға да болмас, себебі білімді, талантты жас ма­ман­дар­дың қажырлы еңбегімен жаңа тех­нологиялар өндіріске енгізіліп, жаңа өндіріс мә­дениеті қалыптасып келеді. Олардың алғыр­лығына риза болып қуанамыз, болашақта елді, өндірісті кімдер басқарады деген ой өз жауа­бын тап­қандай. «Ауру батпандап кіріп, мыс­қыл­дап шығады» демекші, болашақта өткеннен са­бақ алып, басшы кадрларды дайындау, та­ғайын­дау мәселесіне дұрыстап көңіл бөлетін уа­қыт жетті. Өйткені басшылық қызметке кез­дейсоқ адамды тағайындау, яғни оның жер­лес­тігіне немесе руластығына қарау дұрыс емес саясат. Қазақтың «Басшысы жақсы ел азбас, бас­шысы жаман ел оңбас» деген даналық сөзі осын­дайдан шыққан болар. Мақаланы жазу­да­ғы көздеген мақсатым, біріншіден елдің ең қиын өтпелі кезеңінде қызмет атқарған ел аза­маты Нұрлан Өтепұлының Жаңаөзен қала­сы мен мұнай өнеркәсібіне қосқан мол үлесін, үзеңгілес әріптестерімен бірігіп атқарған ең­бегін қазіргі жас ұрпақ өкілдері біле жүрсе де­ген ой. Орайы келгенде айта кетейін, Нұре­кең ағамыз алпысқа толғанда Атырау қаласына мерейтойға шақырды, сыйлы азаматтың ықы­ласын қабыл ала отырып құр қол бар­ма­дым. Өйткені мен атақты геолог Сайлау Жыл­қыайдаров ағамыздан Ұлы Отан соғысының ар­дагері, мемлекет қайраткері Өтеп Бал­ғым­баев атамыздың Жаңаөзен қаласының алғаш қа­зығын қаққанын және оның өркендеуіне мол үлесін қосқаны туралы айтқан естелігін әлденеше рет естігенмін. Сондықтан Өтеп ата­мыздың айрықша еңбегін бағалап, оған Жаңа­өзен қаласының ең үлкен көшесіне есімін беру туралы шешімді Нұрекеңе ел алдында табыстадым. Алдыңғы лек ағалар қиын-қыстау кезде еңбек етті, бірақ мойымады, себебі олар қазақтың: «Қиындықтан қайыспаған жанға құ­дай қарасады, тағдыр болысады» деген да­налық сөзін бойына жастайынан сіңіріп өскен бол­са, кейін өздерінің ұстаз - басшысы, уақы­тында «қазақтың Маресьеві» деген абыройлы атаққа ие болған Рахмет Өтесінов ағамыздың өмірдегі ерлігі де өнеге болды деп есептеймін. «Жақсы адам – елдің ырысы» демекші, сөз соңын­да тірі болғанда биыл 75 жасқа келетін Нұр­лан Өтепұлының топырағы торқа, иманы жол­дасы болсын. Оның үлгі тұтарлық өмірінен са­бақ алған, елім деп бой түзеген ұрпақтары – іні­лері­міз тәуелсіз еліміздің мәңгілігі үшін қажырлы еңбек етіп, әке жолын абыроймен жалғастыра­тынына сенімім мол.

Жалғас БАБАХАНОВ, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы

Серіктес жаңалықтары