«Айына 40 млн теңге»: Мақсат Толықбай «Барыс» хоккей клубын сынға алды

«Айына 40 млн теңге»: Мақсат Толықбай «Барыс» хоккей клубын сынға алды

«Айына 40 млн теңге»: Мақсат Толықбай «Барыс» хоккей клубын сынға алды
ашық дереккөзі
50264
Белгілі журналист Мақсат Толықбай Instagram-дағы парақшасында «Барыс» хоккей клубының ойыншылары жоғары жалақы алатынын жазды деп хабарлады turkystan.kz. Ол алдымен елордалық команданы «Самұрық Қазына» қоры қаржыландырып отырғанын атап өтті.
«Қымбатшылық қысып, елдің экономикасы тұралап тұрғанда, «Барыс» хоккей клубы ойыншыларымен «ерекше» келісімшарт жасасып жатыр. «Самұрық Қазына» қоры Үкіметке қарайды. Яғни, ондағы қаржының сұрауы болуы керек!» - деді Мақсат Толықбай.
Сондай-ақ ол клубтың жақында тағы да бір шетелдік ойыншыға келісімшарт ұсынып, оған айына 40 млн теңге төлейтінін жеткізді.
«Мәселе мынада. «Барыс» Никита Михайлис деген ойыншыға жылына 401 миллион теңге төлейміз деп шешім қабылдапты. Өткен аптада әріптестер бұл мәселені көтерді. «Барыс» та, «Самұрық Қазына» да үнсіз. Бұл аздай, енді Линдей Вей деген шетелдік ойыншыға бір жылдық шарт ұсынып, қазіргі (рубль – теңге ) курсымен 481 миллион теңге жалақы төлемекші. Айналайындар-ау, айына 40 миллион теңге жалақы ұсынатындай, ол қыруар қаржыны демеуші өз қалтасынан шығарып отыр ма? Кәсіби клубтарды қаржыландыруды тоқтату керек! Одан да ол ақша бұқаралық спортты дамытуға жұмсалсын»,— деді журналист.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Мақсат Толықбай (@maksattolykbai)

Серіктес жаңалықтары