Астанада жаңажылдық шыршаның шамдары жағылды

Астанада жаңажылдық шыршаның шамдары жағылды

Астанада жаңажылдық шыршаның шамдары жағылды
ашық дереккөзі
214
Астанада еліміздің басты жаңажылдық шыршасының шамдары жағылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Бұл дәстүрлі іс-шара Астанада жыл сайын өткізіледі және Жаңа жылдың жақындап қалғанын білдіреді. «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының алаңында орнатылған басты шыршаның шамдарын биыл Астана әкімі Әсет Исекешев  жақты. Онымен бір мезгілде елорданың түрлі аудандарында орналасқан шыршалардың да шамдары жағылды. Салтанатты шараны қызықтауға келген жұртшылыққа мерекелік бағдарлама ұсынылды, оның соңы үлкен отшашуға ұласты. Айта кету керек, елордада Жаңа жыл мерекесіне орай барлығы 17 шырша орнатылып, төрт мұз қалашығы бой көтереді. Биылғы жаңажылдық безендірудің басты нышаны - Тауық қана емес, еліміздің басты оқиғасы - ЭКСПО көрмесі де болады.  Ал ашық аспан астындағы ең үлкен мұз айдыны «Арай» саябағында орналасады. 250 адамға арналған мұз айдынының жалпы аумағы 5 мың шаршы метр. Онда конькиді жалға беру орны, медициналық пункт, дәмхана, радиохабарлағыш және LED-экрандар орналастырылады. Мұз айдынының аумағында сондай-ақ, сырғанайтын төбешіктер жасалады. Сондай-ақ Астана әкімдігі қылқанжапырақты ағаштар сатылатын орындарды бекіткен болатын. Бүгінде олар «Сәлем» орталық базары, (Тілендиев даңғылы, Алаш жолы), «Астықжан» сауда үйі (Бейсеков көшесі), «Алма» сауда үй (Республика даңғылы), «Гүлжан» сауда үйі (Абылайхан даңғылы), «Тұлпар» сауда үйі (Уәлиханов көшесі), «Астықжан» сауда үйі (Ақжол көшесі) маңындағы арнайы базарларда сатылуда.  

Серіктес жаңалықтары