АҚШ азаматтарына қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді

АҚШ азаматтарына қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді

АҚШ азаматтарына қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
ашық дереккөзі
50305
Американың Жоғарғы соты Нью-Йоркте қоғамдық орында атыс қаруын алып жүруді шектейтін заңның күшін жойды деп хабарлады turkystan.kz.    Сот шешімінің мәліметінше, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Бостон сияқты ірі қалаларда заңды түрде қару алып жүруге мүмкіндік берді. Бұл – АҚШ Жоғарғы сотының он жылдан астам уақыт ішінде қару-жарақ туралы қабылдаған алғашқы ірі шешімі. Ол жақында болған жаппай атыстардан кейін қабылданып отыр. Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс бұл шешімнен туындайтын қауіпті азайту үшін жұмыс істейтінін және шаһардың «Жабайы Батысқа» айналуына жол бермейтінін айтты.

Серіктес жаңалықтары