488
Кішкентай Жамбылдың шығармашылық кеші
Кішкентай Жамбылдың шығармашылық кеші
Астанадағы Орталық «Қазақстан» концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл Дүйсенұлының шығармашылық кеші өтті деп, хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз-қызметі.
Жамбыл Дүйсенұлы 13 жаста. Өзінің балғын жасына қарамастан, ол үш поэзиялық жыр жинағын шығарып үлгерді. Әдебиетшілердің пікірінше, оның өлеңдері терең лирикамен, буындарының тазалығымен ерекшеленіп, қазақ поэзиясының алыптары Жамбыл Жабаев пен Мұқағали Мақатаевтың туындыларымен үндестік табуда.
«Мен бұл кешті Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Тұңғыш Президентіміз Елбасына арнаймын. Мемлекетімізге бейбітшілік пен бірлік, биік жетістіктер, Елімізге мәңгілік тәуелсіздік тілеймін!», -деген тілектерімен жас ақын кеш шымылдығын ашты.
Ақынның кешіне қазақ эстрадасының жұлдыздары – Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев, Мақпал Жүнісова, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Майра Ілиясова, Рамазан Стамғазиев, Қарагөз Тілеубековалар қолдау көрсетіп, жас әншілер — Ибрагим Ескендір, Бейбіт Мұсаев, Еркебұлан Елшатқызы, Дәулет Махановтар қатысты.