50322
Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 маусым күні сағат 16:00 шамасында болған деп хабарлады turkystan.kz.
«Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Hyundai Tucson көлігінің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді»,– деп хабарлады департамент.Көлік апатына жолда жүру ережесін сақтамау себеп болған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.