Алматыда бір күнде екі рет жер сілкінді

Алматыда бір күнде екі рет жер сілкінді

Алматыда бір күнде екі рет жер сілкінді
ашық дереккөзі
462
Қазақстан аумағында тәулігіне екінші рет жер сілкінді. 19 сағат 03 минут 53 секундта жаңа зілзаланың дүмпуі тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 283 шақырым жерде орналасты деп хабарлайды, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.5. MPV магнитудасы - 4.3. Тереңдігі  - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша зілзаланың сезілгендігі туралы ақпараттар жоқ. Еске салайық, бүгін Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 138 шақырым қашықтықта жерасты дүмпулері тіркелді. 2-3 балдық тербеліс Алматы қаласында сезілді. Зілзала салдарынан болған зақымдар мен қираулар анықталған жоқ.  

Серіктес жаңалықтары