«100 жылда алғаш рет»: Ресей сыртқы қарызын қайтара алмады

«100 жылда алғаш рет»: Ресей сыртқы қарызын қайтара алмады

«100 жылда алғаш рет»: Ресей сыртқы қарызын қайтара алмады
ашық дереккөзі
50336
Ресей сыртқы қарызы бойынша 1918 жылдан бері алғаш рет дефолтқа ұшырады деп хабарлады turkystan.kz. «Блумберг» агенттігінің дерегінше, Мәскеу 100 миллион долларды жексенбі күні қайтаруы керек болған. Бірақ, сол талап орындалмады. Ал, Кремль бүгін мәлімдеме жасап, Ресейдің мұндай жағдайға душар болғанын жоққа шығарды деп жазады qazaqstan.tv. Батыс Ресейді Украинаға әскер кіргізгені үшін санкцияға алып, оның долларлық резервтерін бұғаттады. Осының салдарынан Мәскеу үшін берешек қайтару оңайға соқпай отыр. Айта кетсек, дефолтқа ұшыраған елдің сол дефолттан шыққанша және инвесторлардың сеніміне қайта кіргенше экономикаға қаржы тартуы қиындай түседі.

Серіктес жаңалықтары