231
Тәжікстанда биыл 20 имам түрмеге отырғызылды
Тәжікстанда биыл 20 имам түрмеге отырғызылды
Тәжікстанның Соғды облысында имам-хатибтерді ұстау биыл көктемде басталды, қазіргі таңда шамамен 20 дін уағыздаушы рұқсат етілмеген "Ағайынды мұсылмандар" ұйымына қатысы бар деген күдікпен түрмеде отыр.
Дегенмен олардың адвокаттары имамдардың бар болғаны халықты дінге шақырғанын алға тартып отыр.
Соғды облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың барлығына "Ағайынды мұсылмандар" ұйымына қатысы бар деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған. Тәжікстанда аталған ұйымның қызметіне 2006 жылы тыйым салынған. Билік имамдардың ұсталуын дін уағыздаушыларды экстремистік топ өкілдерінен тазалау деп атады. Тәжік билігінің пікірінше, ханафи мазхабының қалыптасқан дәстүрін өзгертуге талпынғандарға тәжік қоғамында орын жоқ.
Адвокаттар елдің конституциялық құрылымын өзгертуге талпынды деп айыпталған имам-хатибтерге тағылған айыптар тергеу кезінде дәлелденген жоқ деп отыр. Сотталушылар "Ағайынды мұсылмандар" ұйымына мүше екендігін мойындаған. Олар өз дініне және ханафи мазхабына адал екендерін айтты.
Тәжікстанда "Ағайынды мұсылмандар" ұйымына 2006 жылы тыйым салынғанына қарамастан, елде олардың мүшелерін қудалау туралы мәліметтер көп емес. "Ағайынды мұсылмандар" - 1928 жылы Египетте құрылған халықаралық діни-саяси ұйым. Әлемнің көптеген елдерінде оны террористік ұйымға жатқызып, қызметіне тыйым салған.