Қызылорда облысындағы тұрғын үйлердің біріне пандус орнатылды

Қызылорда облысындағы тұрғын үйлердің біріне пандус орнатылды

Қызылорда облысындағы тұрғын үйлердің біріне пандус орнатылды
ашық дереккөзі
50240
AMANAT партиясының Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Ақай ауылдық округінің тұрғыны Феруза Арашова келді. Ол 2020 жылы инсульт алып, бір аяғы мен қолы салданып қалған 76 жастағы Дәмегүл Бисенбайқызына көмек сұрады. Ел басына түскен қиыншылық сәтте халқының ыстық ықыласына бөленіп жүрген азамат «Асар Плюс» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Сейл Жумадьяров қарт әже тұратын Байқоңырдағы үйдің кіреберісіне пандус қойып беруге дайын екендігін айтты. Қармақшы аудандық мәслихаты AMANAT партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Сейл Жумадьяровтың демеушілігімен тұрғын үйдегі баспалдаққа пандус орнатылды.

Серіктес жаңалықтары