Мирзеев Қарақалпақстанда 2 тамызға дейін төтенше жағдай енгізді

Мирзеев Қарақалпақстанда 2 тамызға дейін төтенше жағдай енгізді

Мирзеев Қарақалпақстанда 2 тамызға дейін төтенше жағдай енгізді
ашық дереккөзі
50294
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзеев Қарақалпақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Өзбекстан Президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Telegram арнасында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Президент Жарлығымен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, олардың құқығы мен еркіндігін қорғау, заңдылықты қалпына келтіру және тәртіп орнату мақсатында Қарақалпақстан Республикасының аумағында 2022 жылдың 3 шілдесі күнгі сағат 00:01 минуттан 2022 жылдың 2 тамызы күнгі сағат 00:00-ге дейін төтенше жағдай жарияланды»,  - делінген хабарламада.
Өзбекстан Ұлттық гвардиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТЖ кезінде 21:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат болады. Комендатура бастығы болып Өзбекстан Ұлттық гвардиясының қолбасшысы Рустам Джураев тағайындалды. Қала ішінде көлік қозғалысы шектеліп, азаматтардың құжаттары, заттары, көліктері тексерілмек. Қарақалпақстанға кіріп-шығу шектеледі, қоғамдық шара өткізуге тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары