«Қазақстан барысы – 2022»: Мақсат Исағабылов жеңімпаз болды

«Қазақстан барысы – 2022»: Мақсат Исағабылов жеңімпаз болды

«Қазақстан барысы – 2022»: Мақсат Исағабылов жеңімпаз болды
ашық дереккөзі
50577
3 шілде күні «Барыс-Арена» мұз сарайында астана күніне орайластырылған қазақ күресінен ХІ «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Дәстүрлі турнир елімізде ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту, қала күнін мерекелеу және балалар жылы аясында жастарды ұлттық спортпен шұғылдануға тарту, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсаттарын жүзеге асырды. Турнирдің құрметті қонақтары ретінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы, «Қазақтелеком» АҚ басқарма директоры Қуанышбек Есекеевтер қатысып, балуандарға сәттілік тіледі. Қазақ күресі ережесіне енгізілген өзгертулерге байланысты биылғы турнир «бүк» ұпайынсыз өтті. Биылғы «Қазақстан Барысы» атанған Қызылорда облысының балуаны Мақсат Исағабыловқа 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен ауыспалы алтын «тайтұяқ» табысталды. Күміс жүлдегер Маңғыстау облысының балуаны Нұрдәулет Жарылғаповқа - 5 500 000 теңге және қола жүлдегер Жамбыл облысының балуаны Ғалымжан Қырықбайға - 1 800 000 теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары