Еуроодақ Ресейге қатысты санкцияларды жарты жылға ұзартты

Еуроодақ Ресейге қатысты санкцияларды жарты жылға ұзартты

Еуроодақ Ресейге қатысты санкцияларды жарты жылға ұзартты
ашық дереккөзі
162
Еуропалық одақ (ЕО) Ресейге қатысты экономикалық санкцияларды 2017 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзартты. Осылай деп Еуропалық кеңестің ресми сайтында хабарланған.
Баспасөз мәлімдемесінде санкцияларды ұзартудың басты себебі Ресейдің Минск келісімін орындамауы деп атап өткен. Өткен жұма күні ЕО кеңесінің төрағасы Дональд Туск Брюссельде өткен саммитте Ресейге қатысты жазалау шаралары тағы да жарты жылға созылады деген. Бірқатар елдер бір жылға созуды ұсынған. Еуроодақ Ресей 2014 жылы Қырым түбегін басып алып, Донбаста кикілжің тудырғаны үшін экономикалық санкциялар салған. Украина мен халықаралық қауымдастық Кремльді қарулы сепаратистерге қолдау көрсетіп отыр деп айыптайды. Мәскеу болса, бұл айыптаулардың бәрін жоққа шығарады.

Серіктес жаңалықтары