543
«Қазақстан» РТРК-на қарайтын радиолар «Республикалық радио» ЖШС-на біріктірілді
«Қазақстан» РТРК-на қарайтын радиолар «Республикалық радио» ЖШС-на біріктірілді
Бұл туралы бүгін фейсбуктегі парақшасы арқылы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев хабарлады.
Сондай-ақ ол ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың келісімімен «Республикалық радио» ЖШС-ның басшысы қызметіне Досымбек Өтеғалиевті ұсынғандығын жазды. «Еліміздегі радионы дамыту максатында «Қазақстан» РТРК қарасты радиоларда өзгеріс бар. Қазақ радиосы, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары «Республикалық радио» ЖШС-не біріктi. 1 қаңтардан жаңа серiктестiк жұмысын бастайды. Министр Даурен Абаевтың келiсiмiмен ұжымның басшылығына БАҚ саласында 20 жылдай қызмет еткен, белгiлi журналист Досымбек Өтеғалиевті таныстырдым. Радиолардың басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктедім. Басты мақсат - Қазақ радиосымен «Шалқар» радиосының рейтингтерiн бiрiншi орындарға шығарып, тыңдармандардың саның көбейту. Сәттілік тілеймін!»,-деп жазды Ойшыбаев.