Қазақстандық Александра Элбакян Nature журналының рейтингіне енді

Қазақстандық Александра Элбакян Nature журналының рейтингіне енді

Қазақстандық Александра Элбакян Nature журналының рейтингіне енді
ашық дереккөзі
372
Ұлыбританияда 1869 жылдан бері басылып келе жатқан танымал Nature ғылыми журналы ғылымдағы ықпалды адамдардың жыл сайынғы рейтингін жариялады.
Биыл бұл рейтингке Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТУ-нің түлегі Александра Элбакян енді. Ақпараттық технология саласының 28 жастағы маманы Sci-Hub интернет-жобасын жасаушы ретінде журнал тізіміне қосылды. 2011 жылдың қыркүйегінде жарыққа шыққан Sci-Hub "ондаған миллион ғылыми мақалаларды көпшілікке ашық таратқан әлемдегі алғашқы қарақшылық ресурс" ретінде танымал. Қазіргі таңда оның цифрлік кітапханасында 58 миллионнан астам материал бар. 2016 жылы ресурстан көшірілген мақалалар саны 75 млн болған. 2015 жылы голландиялық Elsevier (ғылыми журнал шығарумен айналысатын ірі баспа) компаниясы интернет-жобаны сотқа берді. Олар Sci-Hub'ты авторлық құқықты бұзды және хакерлік жасады деп айыптап отыр. Сотта ұтылған жағдайда Александра Элбакян бірнеше миллион доллар айыппұл төлейді, тіпті түрмеге қамалуы да мүмкін. Сол себепті ол өзінің қайда тұратынын жасырып жүр. Жыл бұрын АҚШ Sci-Hub сайтын бұғаттау туралы шешім шығарды, бірақ ол қазір басқа домендік атаумен жұмыс істеп тұр.

Серіктес жаңалықтары