Жаңа жылдан бастап 45 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келеді

Жаңа жылдан бастап 45 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келеді

Жаңа жылдан бастап 45 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келеді
ашық дереккөзі
174
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов келесі жылдан бастап 45 мемлекет үшін визасыз режимнің ашылатынын жеткізді. Оның айтуынша, бұдан бөлек тағы бір тізім бар. Онда да визалық жеңілдіктер қарастырылған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "2017 жылы қаңтардың 1-нен бастап инвестициялық әлеуеті жоғары әрі экономикалық жағынан дамыған 45 мемлекет үшін визасыз режим ашылады. Осы елдердің азаматтары 30 күні бойы Қазақстанда емін-еркін жүре алады", - деді Е.Ыдырысов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, визасыз режимге іліккен мемлекеттердің ішінде Австрия, АҚШ, Грекия, Испания, Швеция, Канада, Финляндия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония, Португалия, Венгрия, Кипр, Бельгия, Сингапур, Монако, Иордания, Малайзия, сондай-ақ ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдері бар. "Бұдан бөлек, 48 мемлекеттен тұратын тағы бір тізім бар. Ол бөлек. 45 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады. Дегенмен, бәрі де тіркеуден өтеді. Ал 48 мемлекеттен тұратындар үшін виза алудың жеңілдетілген шарттары қарастырылған. Олар визаны шақыртусыз ала алады", - деп атап көрсетті министр. Айта кетейік, бұған дейін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек те келесі жылдан бастап Қазақстанға 55 елдің азаматтары визасыз келіп-кете алады деп мәлімдеген. Министрдің сөзіне қарағанда, осы және басқа да шаралардың арқасында Қазақстан экономикасына 230 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылды.  

Серіктес жаңалықтары