480
Меркель Берлиндегі оқиғаны теракт деп атады
Меркель Берлиндегі оқиғаны теракт деп атады
19 желтоқсан күні Берлин орталығының Брайтшайдплац алаңындағы рождестволық жәрмеңкеде жүк көлігі халықты басып-жаншып өткен. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 50-ге жуық тұрғын зардап шекті. Полиция қызметкерлері көп ұзамай жүргізушіні қолға түсірген болатын.
Ал Германия канцлері Ангела Меркель Берлин қаласында болған оқиғаны теракт деп атады. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады. «Біз әзірге істің анық-қанығын толық білмейміз. Бірақ мұны теракт деп болжап отырмыз», – деді Меркель.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы 19 желтоқсандағы террорлық акт салдарынан Берлин қаласында көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
Нұрсұлтан Назарбаев А.Меркельге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.