Астана туралы қызықты деректер

Астана туралы қызықты деректер

Астана туралы қызықты деректер
ашық дереккөзі
51959
Бүгін, 6 шілде – елордалықтар Астана күні мерекесін тойлауда. Осы орайда, turkystan.kz сайты Нұр-Сұлтан қаласы туралы қызықты деректер тізбегін ұсынуды жөн санады. 1. 2012 жылы елордамыз ТМД мен Түркі әлемінің астанасы болып жарияланды. 2. Елордадағы ең ескі ғимаратқа 174 жыл болған. Ол – Сәкен Сейфуллиннің музейі. Оның негізі сонау 1846 жылы қаланған екен. 3. Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығындағы мұхитарал – Гиннестің рекордтар кітабына енген. Әлемдегі көк мұхиттан 3000 шақырым қашықтықта салынған кешенге 120 тонна теңіз тұзы қолданылған. Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен екі мыңға жуық теңіз жәндіктері әкелінген. 4. Нұр-Сұлтан қаласы – әлемдегі Ұлан-Батордан кейінгі екінші суық қала болып саналады. Тіпті, елордамыз Канаданың Оттавасын да суықтығымен басып озыпты. 5. Астананың рухани тұрғыдан тағы бір мақтан тұтатын орны – қаланың орталығында орналасқан Ұлттық академиялық кітапхана. Ең үлкен кітапханалардың бірі болып саналатын орталықта 2,5 млн-нан астам кітап қоры бар. 6. Қаладағы ең қысқа көшенің ұзындығы 358,7 метр ғана. Ол Біржан салдың атымен аталады (ескі атауы – Вокзальная). 7. Нұр-Сұлтанда ұзыннан-ұзын созылып жатқан ғимарат бар. Oның ұзындығы екі шақырымға дейін жетеді. Ол – Министрліктер үйі. 8. Нұр-Сұлтан қаласының миллионыншы тұрғыны 2016 жылдың 4 шілдесінде дүниеге келді. Ол жас отбасы Олжас пен Арайлымның шаңырағында туған Саида Мұхамедияр. 9. Астанамыздың алып жатқан аумағы 800 шаршы шақырымды құрайды. Ол Бахрейн, Андорра, Кирибити секілді мемлекеттердің жер көлемінен де үлкен. 10. «Астана Опера» - орталық Азиядағы ең үлкен театр. Оның басты залы 1250 орынға арналған, партеріне 450 көрермен сияды. 11. Бейбітшілік және келісім сарайын салуға екі мыңға жуық түрлі ұлт өкілдері атсалысқан. 12. Әзірет Сұлтан» – Орталық Азиядағы ең әдемі әрі ең зәулім мешіт. Елбасының бастамасымен екі жыл ішінде салынып біткен мешіттің құрылысын Түркияның «Сембол Иншаат» компаниясы жүргізген. Мешіттің жалпы құрылыс аумағы 18 мың шаршы метрді құрайды.

Серіктес жаңалықтары