Шымкентте сауда орталығында кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды

Шымкентте сауда орталығында кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды

Шымкентте сауда орталығында кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды
ашық дереккөзі
50413
Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. 3 шілде күні жедел басқару орталығының «102» арнасына қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз электр тоғына түсіп, жан тапсырғаны туралы хабарлама түскен. Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс істейтіні анықталды. Оқиға Қаратау ауданы Полиция басқармасы СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша тіркелді. Қазір осы істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары