367
IRENA ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
IRENA ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
ЭКСПО-2017 халықралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рапиль Жошыбаев БАӘ-де (Әбу-Даби) жаңғыртылатын энергия көздері халықаралық агенттігінің (IRENA) бас директоры Аднан Аминмен кездесті.
Бұл туралы ЭКСПО-2017 комиссарының баспасөз қызметі хабарлады. Аминмен әңгіме барысында тараптар Қазақстанның IRENA-мен өзара іс-қимылының жағдайы мен перспективаларын, оның ішінде көрмеге қатысуы және көрме тақырыбын ірі халықаралық алаңдарға кешенді жылжыту мәселесін талқылады. Қазақстандық комиссар әңгімелесушісін ҚР Президентінің әлемдік қауымдастық қолдаған орнықты даму саласындағы жаһандық бастамалары туралы хабардар етті. Тараптар ЭКСПО-2017 аясында Астанада 2017 жылғы 11-14 маусымда өтетін БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының министрлік конференциясының форматында IRENA панельдік сессиясын өткізу, қазақстандық мамандардың IRENA Хатшылығында тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады. Өз кезегінде, Амин IRENA мақсатын көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбымен логикалық біріктіруге мүмкіндік беретін жаңартылған энергия саласындағы технологиялық инновацияны таныстыру жоспарын есепке алып, IRENA көрмеге қатысуға мүдделі екендігін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Жошыбаев пен IRENA секциясының комиссары Мұхаммед әл-Фарнавани көрмеге қатысу шартына қол қойды.