«Жастар рухы» санмен де, сапамен де жұмыс істеуі тиіс – Ғазиз Әбішев

«Жастар рухы» санмен де, сапамен де жұмыс істеуі тиіс – Ғазиз Әбішев

«Жастар рухы» санмен де, сапамен де жұмыс істеуі тиіс – Ғазиз Әбішев
ашық дереккөзі
50605
Зерендіде өткен «AMANAT» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, Жастар қанатының жаңа атауы мен белгісі бекітілді. Елеулі оқиғаға байланысты саясаттанушы Ғазиз Әбішев пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.  «Президент Зерендіде өткен «AMANAT» партиясы Жастар қанатының съезінде сөйлеген сөзінде Жаңа Қазақстан жастары үшін үш маңызды басымдықты атап өтті. Олар: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм. Менің ойымша, басымдықтардың дәл осы тәртіппен белгіленгені бекер емес. Партияның Жастар қанаты бұрын «Жас Отан» болса, енді «Жастар рухы» деп аталады.  Жастарымыздың жігері, рухы еліміздің болашағын айқындайды. «Жастар рухының» басшылары әділдікті, білімді, адал еңбекті, еркіндік пен патриотизмді базалық бағыт етіп алады. Жалпы, құндылықтар дұрыс тәртіппен орналасқан. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Жаңа басқарушы топтың мүшесі ретінде партия Төрағасы Ерлан Қошанов және оның Бірінші орынбасары Атқарушы хатшы Асхат Оралов Жастар қанатының күнделікті жұмысына осы құндылықтарды енгізе отырып, жүзеге асыру қажет болады. «AMANAT» жастарды саяси процестерге тарту жолында дамыған және қалыптасқан инфрақұрылымы бар жалғыз саяси партия.  Жастардың өсіп келе жатқаны, цифрландыру, саясиландыру, саяси монополиясыздандыру саяси процестерге серпін беріп, тұрақты, белсенді жұмысты талап ететін дүние. Партиялық көзқарас тұрғысынан алғанда, «Жастар рухы» санмен де, сапамен де жұмыс істеуі тиіс. Талантты, еңбекқор жастарды тартып, олардың бойына құндылықтарды сіңіру қажет. Бұл іс бір айда бітпейтіні анық, жылдарды қажет етеді. Оның іргетасы қалай қаланатыны және қандай нәтиже беретіні алдағы уақыт еншісінде. «Жастар рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаев жастардың көзқарасы, ұстанымы мен алға қойған мақсаты әрқилы болғанмен, туған жерімізде, тәуелсіз және айбынды Қазақ елінде бақуатты әрі бақытты өмір сүруге, болашағымызды Отанымызбен байланыстыруға деген ұмтылыс бәріміздің басымызды біріктіретінін айтқан еді. Ендеше, қазір болып жатқан өзгерістер жарқын болашаққа деген үмітті қайта оятып, жастардың рухын көтеруі тиіс.    

Серіктес жаңалықтары