50495
Шымкенттегі кафеде 15 жастағы оқушы қайтыс болды
Шымкенттегі кафеде 15 жастағы оқушы қайтыс болды
Қайғылы оқиға 3 шілде күні Шымкенттің ойын-сауық орталықтарының біріндегі фастфуд кафесінде болған. Мектеп оқушысы кассир болып жұмыс істеген және мекемеде еден жуған. Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша, қайғылы жағдай электр тогының соғуынан болды деп хабарлады turkystan.kz. otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Ақару Құралбай жақында ғана 9-сыныпты бітіріп, аттестат алған. Демалысына ақша жинап, анасына көмектесіп жүрген. Қазір туыстары қайғылы жағдайдан кейін ес жия алмай отыр.
«Оны мәйітханадан көрдім. Беті көгерген, құлағының арты қанаған, басында гематома бар», - дейді марқұмның анасы Бибіғайша Құттыбаева.
Оқушы көз жұмғаннан кейін алдымен туыстарына хабарласып, жасөспірім электр тогынан қайтыс болғанын айтқан. Дәрігерлерге де осындай хабар берілген. Бірақ қазір өлімге басқа нәрсе себеп болғаны айтылып жатыр.
«Бәрінен бұрын олардың айтқаны бізді таңғалдырып отыр. Олардың сөзінше, таңертең Ақару аш қарынға энергетикалық сусын ішкен, содан кейін жүрегі ауырып, құлаған. Басында электр тогынан деген еді», - дейді марқұмның ағасы Жеңісхан Қалыбай.
Марқұмның анасының айтуынша, қыздың жүрегінде ақау болған жоқ. Ол әпкесімен бірге жұмыс істеген. Әпкесіне жұмыс орнында жоғары кернеу бар екені ескертіліпті.
«Алдымен маған аспаздың көмекшісі болатынымды айтты. Содан кейін еден жуу керек екенін айтты. Кейбір жерлерде кернеу бар екенін ескертті, сондықтан мен мұқият жұмыс істедім», - дейді марқұмның әпкесі Айару Құралбай.
Қайтыс болған қыздың ата-анасы тергеу әділ жүргізіліп, кінәлілер жазаланады деп үміттенеді.
«Қазір Қаратау АПБ 156-бабы, ҚР ҚК 3-бөлігі бойынша Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Кафенің жұмысына құқықтық баға беріледі», - деді Шымкент қаласы Қаратау АІІБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары Аянхан Омаров.
Қазір мекеме жабық. Туыстарының қолында алдын ала сараптама қорытындысы бар, сарапшылар қыз электр тогынан қайтыс болған деп отыр. Сараптаманың нақты қорытындысы 20 күннен кейін дайын болады.
https://www.youtube.com/watch?v=BgxIxcW_pVI&ab_channel=OTYRAR