Каспийде бес мемлекетке саяхаттайтын маршрут ашылады

Каспийде бес мемлекетке саяхаттайтын маршрут ашылады

Каспийде бес мемлекетке саяхаттайтын маршрут ашылады
ашық дереккөзі
50341
Каспий теңізінде круиздік туризмді дамыту аясында бес мемлекетте жұмыс жүргізіліп жатыр. Шеңберлі бағыт Қазақстан-Түрікменстан-Иран-Әзербайжан-Ресей мемлекеттерінің арасын жалғайды деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов Ақтау қаласының көркейіп келе жатқанын айтты. «Ақтау қаласының қалай түрленгенін көріп отырсыздар. Жағалау абаттандырылып, қонақүйлер бой көтерді. Ендігі күтіп отырғанымыз – круиз лайнері. Оны Ресей тарапы Астраханьда салып жатыр. «Русь Великая» деген кеме болады. Келесі жылы жасалып болады ғой деймін», – деді Тілепов. Оның айтуынша, маршрут Астраханьнан Ақтауға, Ақтаудан Түрікменстанның «Аваза» деген демалыс базасына, одан әрі қарай Иранға (Намирабад), Намирабадтан Баку мен Махачкалаға бағытталады.  

Серіктес жаңалықтары