50352
«Жетімсіреп қалдым»: Арман Дәулетияровтың анасы өмірден өтті
«Жетімсіреп қалдым»: Арман Дәулетияровтың анасы өмірден өтті
Продюсер Арман Дәулетияровтың анасы өмірден өтті. Бұл жайында ол Instagram парақшасында жазды.
Айтуынша, анасы ауырмаған және денсаулығына шағымданбаған.
«Кеше анам өмірден өтті. Мүлдем ауырмаған еді, денсаулығына да шағымданған жоқ. Құрбан айтты тойлап, қонаққа барып жүрді. Бір сағат бұрын ғана телефонмен сөйлескен едік. Бірер минутта болған жағдай, төсекке жатып, тыныш қана кетті. Енді жетім қалдым. Әлем түгел қирағандай, көз жасымды тыя алар емеспін. Сүйікті анамсыз енді қалай өмір сүретінімді білмеймін», – деп жазды продюсер.