Саясат Нұрбек Қазақстанға білім алуға келетін ресейліктердің көбейетінін айтты

Саясат Нұрбек Қазақстанға білім алуға келетін ресейліктердің көбейетінін айтты

Саясат Нұрбек Қазақстанға білім алуға келетін ресейліктердің көбейетінін айтты
ашық дереккөзі
50243
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзі басқаратын ведомствоның Ресейден Қазақстанға оқуға келетін азаматтардың үлкен ағынын күтіп отырғанын мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.   «Біз ол жақтан оқуын жалғастыруға келетін өз отандастарымыздың да үлкен ағынын күтіп отырмыз. Осында келіп, білім алу мүмкіндіктерін іздестіретін Қазақстан азаматтары да, өзге елдердің азаматтары да көп болады. Бірінші кезекте бұл Ресейдің 11 сәуірден бастап Болон процесі ұйымына мүшелігін тоқтатуымен байланысты. Ал біздің ел 1 сәуірде ғана осы ұйымның тең төрағалығын қабылдаған болатын. 5-6 қазанда Нұр-Сұлтанда үлкен конференция болады. Министр ретінде мен Болон процесі ұйымының тең төрағасы болып есептелемін. Сондықтан да осындай болжамымыз бар. Бірақ әзірге үлкен ағын көріп отырған жоқпыз. Тыныш қана дайындала береміз», - деді министр. Ол дәл қазір Ресей Федерациясынан неше талапкер Қазақстанда жоғары білім алуға өтініш білдіргені туралы мәліметі жоқ екенін айтты. «Ондай дерек әзірге жоқ. Ақырындап ондай жағдайға дайындалып жатырмыз. Ресейде оқып жүрген азаматтарымыз да қайтып келуі мүмкін», - деді Саясат Нұрбек.        

Серіктес жаңалықтары