ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғаны туралы мәлімет жариялады

ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғаны туралы мәлімет жариялады

ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғаны туралы мәлімет жариялады
ашық дереккөзі
50283
Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін іздестірілген болатын деп хабарлады turkystan.kz Ол кеше жалған құжат жасатып, шекарадан өтпек болған жерінен ұсталды. «Ресей арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті анықталды. Қазақстан және Ресей азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталды», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Бір топ адамның ішінде өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша Полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов бар екені анықталды. Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Н.Мәсімовті ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берді. «Қажетті тексерулер мен сұрақ алу іс-шараларынан кейін құзыреті бойынша іздестірудің бастамашысы болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді»,– делінген хабарламада.

Нұрлан Мәсімов – ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.

Серіктес жаңалықтары