50223
Құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашу керек – Қасым-Жомарт Тоқаев
Құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашу керек – Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстанда жол құрылысына қажетті материалдың бәрі бар. Бірақ отандық өндірістің әлеуеті толық қолданылмайды. Мұны, тіпті қолдан жасалған тапшылық деуге болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мәселені көтерді деп хабарлады turkystan.kz.
«Елімізде битум өндіретін үш зауыт бар. Соған қарамастан 200 мың тонна битум жетіспейді. Құрылыс қарқынды жүрген кезде оның бағасы үш есе, яғни бір тоннасы 90 мыңнан 250 мың теңгеге дейін қымбаттайды. Үкіметке жол құрылысына қажетті ресурстарды өндіру және тұтыну барысын мұқият саралауды тапсырамын. Соның негізінде құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашу қажет. Ал жұмыс істеп тұрған нысандарды жаңғырту керек», – деді Президент.