Президент тендер ұтып алып, жұмыс істемейтін компанияларды сынға алды

Президент тендер ұтып алып, жұмыс істемейтін компанияларды сынға алды

Президент тендер ұтып алып, жұмыс істемейтін компанияларды сынға алды
ашық дереккөзі
50349
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында тендерді ұтып алып, жұмысты мердігерге ысыра салатын ірі компанияларды сынға алды деп хабарлады turkystan.kz. «Тағы бір маңызды мәселе – мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу. 2019 жылдан бері автожол саласында құны 1,5 триллион теңге болатын мемлекеттік келісім-шарттар жасалды. Соның 40 пайызын шетелдіктердің қатысы бар компаниялар ұтып алған. Біз шетелдік серіктестерімізге қолдау көрсетеміз. Олар үшін нарық әрдайым ашық болады. Бірақ отандық компанияларымыз белсене қатыспайды. Үкімет жергілікті кәсіпорындар үшін бәсекелі орта қалыптастыруы керек. Кейбір ірі компаниялардың еңбек және материалдық ресурстары жеткіліксіз. Соған қарамастан, олар тендерді ұтып алып, жұмысты мердігерге ысыра салады. Осындай ахуал жылда қайталанады. Тіпті, жұмыстың 100 пайызы басқа мердігерге тапсырылғаны жөнінде мәліметтер бар», – деді Президент.

Серіктес жаңалықтары