50328
Жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны жасырын емес – Президент
Жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны жасырын емес – Президент
Биыл 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 600 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай мәліметпен бөлісті деп хабарлады turkystan.kz.
Тіпті, Ақордаға апаратын жолдың өзі құрақ-құрақ көрпеге ұқсайтынын және саланы жемқорлық жайлағанын айтқан Президент жөндеу жұмыстарын созбалаңға салуға болмайтынын жеткізді.
«Жолдың сапасына айрықша назар аудару керек. Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырды.