10 жастағы бала дәретхана шұңқырына құлап кеткен қызды алып шықты

10 жастағы бала дәретхана шұңқырына құлап кеткен қызды алып шықты

10 жастағы бала дәретхана шұңқырына құлап кеткен қызды алып шықты
ашық дереккөзі
50420
10 жастағы Әлихан тереңдігі 3 метр дәретхана шұңқырына құлап кеткен 3 жасар қызды құтқарып қалды деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға Алматының іргесіндегі Көкдала ауылындағы жеке үйлердің бірінде болған. Кішкентай қыз аяғы тайып кетіп, тереңдігі 3 метр болатын дәретхана шұңқырына құлап кеткен. Сол кезде жақын маңда 10 бала топ болып тұрған еді. Олар абдырап қалған. Тек 10 жасар Әлихан бірден әрекетке көшеді. Ол өзін арқанмен байлап, әжетхананың бетон еденіндегі шұңқырға жылдам түсті. Әлихан шұңқырдың түбінде тұрып, қызды белінен арқанмен байлап, жоғарыға жіберген. Әйтпесе балалар күкіртті сутегі улы газынан улануы мүмкін еді. Осылайша, 10 жасар бала кішкентай бүлдіршіннің де, өзінің де өмірін сақтап қалды.  

Серіктес жаңалықтары