Министр терезеден құлай жаздаған сәбиді құтқарған Есдәулет Дәуітбековті марапаттады

Министр терезеден құлай жаздаған сәбиді құтқарған Есдәулет Дәуітбековті марапаттады

Министр терезеден құлай жаздаған сәбиді құтқарған Есдәулет Дәуітбековті марапаттады
ашық дереккөзі
50294
Жетінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарған Есдәулет Дәуітбеков «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде министр Юрий Ильин ерлігімен көзге түскен Дәуітбеков Есдәулет Есболатұлын «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен және естелік сыйлықпен марапаттады. Кездесуге батырдың анасы Әсемгүл Қабдықалықова да қатысты»,  – деп жазылған ресми хабарламада. Төтенше жағдайлар министрлігінде министр Юрий Ильин батырлығымен көзге түскен жасөспірімге алғыс білдіріп, болашақта ТЖМ азаматтық қорғау органдарының қатарынан осындай ер жігіттерді көргісі келетінін айтты. Ал анасына нағыз батырды тәрбиелегені үшін алғыс білдірді. Осы орайда, Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ескерту жасады: «Құрметті ата-аналар, бұл – бала аман-есен құтқарылған аз ғана мысалдардың бірі. Бірақ, өкінішке қарай, қайғылы аяқталатын оқиғалар көп кездеседі. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз! Егер үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені баланың құлауына санаулы ғана секундтар жеткілікті. Бұл бала өліміне әкеп соғуы әбден мүмкін».  width= Айта кетейік, оқиға 13 шілдеде Нұр-Сұлтандағы «Шерқала» тұрғын үй кешенінде болған. 17 жастағы Есдәулет Дәуітбеков құтқару бөлімшелері келгенге дейін көрші үйдің терезесінен өтіп, 7-қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елордалық мектеп түлегіне білім грантын табыстаса, елордалық меценат 3 бөлмелі пәтер сыйлады.    

Серіктес жаңалықтары