Қазақстан 2022 жылы коронавирусты емдеуге 100 млрд теңге жұмсайды — Ажар Ғиният

Қазақстан 2022 жылы коронавирусты емдеуге 100 млрд теңге жұмсайды — Ажар Ғиният

Қазақстан 2022 жылы коронавирусты емдеуге 100 млрд теңге жұмсайды — Ажар Ғиният
ашық дереккөзі
50324
2022 жылы Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина сатып алуға, дәрігерлерге қосымша ақы төлеуге және пациенттерді емдеуге 100 миллиард теңге жұмсайды. ОКҚ брифингінде министр Ажар Ғиният осындай мәліметпен бөлісті деп хабарлады turkystan.kz. Денсаулық сақтау министрі коронавируспен күреске арналған биылғы бюджет өткен жылмен салыстырғанда алты есе аз екенін айтты. «Көріп отырғаныңыздай, ауруханаларда пациенттер аз, алты ай өтті. Енді биыл екінші толқын басталады, тағы көреміз», - деді Ажар Ғиният. Министр бүгінде вируспен күреске жеткілікті қаражат бар екенін жеткізді. Бірақ, эпидемиологиялық жағдай нашарласа, бюджет қайта қарастырылуы мүмкін.    

Серіктес жаңалықтары