50861
Қазақстан жеңіл атлетика жаттықтырушысы Қырғыз Республикасында көлік апатынан көз жұмды
Қазақстан жеңіл атлетика жаттықтырушысы Қырғыз Республикасында көлік апатынан көз жұмды
Қырғыз Республикасында Қазақстан жеңіл атлетика жаттықтырушысын көлік қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Kaktus.media-ға сілтеме жасап.
16 шілдеде Ыстықкөлдегі Бұлан-Сөгеті (Комсомол) ауылында Қазақстан жеңіл атлетика жаттықтырушысы Мұрат Жүзгенбаевты көлік қағып кеткен. Куәгерлерінің айтуынша, ол оқушысы жүгірген кезде велосипедпен қасында келе жатқан. Қыз аман қалған.
«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы Бішкектің 41 жастағы тұрғыны У.А. Lexus-330 автокөлігімен шығыстан батысқа қарай, Балықшы-Ананьево-Қаракөл тасжолының 97-шақырымында Григорьевка ауылының 40 жастағы тұрғыны П.И. тізгіндеген Nissan Micra автокөлігімен соқтығысқанын анықтады. Осыдан кейін жол жиегінде келе жатқан 58 жастағы Мұрат Жүзгенбаевты қағып кеткен. Салдарынан Қазақстан азаматы оқиға орнында көз жұмды», - деді аймақ полицейлері.Аталған факті Ыстықкөл ауданының Ішкі істер басқармасында тіркелген. Барлық жиналған материал тергеуге жіберілді. Айта кетейік, Мұрат Жүзгенбаев Алматы облысында жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушы болған. https://www.youtube.com/watch?v=PF3kpoBV580&ab_channel=KaktusMedia