50921
Бас сақинасы, мұрын біту: коронавирустың жаңа белгілері пайда болды
Бас сақинасы, мұрын біту: коронавирустың жаңа белгілері пайда болды
Коронавирус үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Пандемия басталған кезде аурудың белгілері қазір мүлдем басқаша деп хабарлайды turkystan.kz Sky News-ке сілтеме жасап.
Сонымен, бұрын вируспен ауырғанда қалтырау, иіс сезбеу сезімі болса, қазір оның орнына тамақ ауырып, бас сақинасы ұстап, мұрын бітеді.
Zew зерттеуіне сәйкес, жалпы белгілердің арасында жөтел, дауыс қарлығу, түшкіру, шаршау және бұлшықет ауруы бар екені айтылады.
«Бұл вирус үнемі өзгеріп отырады. Ол біз үшін тым «ақылды» бола бастады. Иммундық қорғанысымызды бұзуы мүмкін, сондықтан сандар өсіп жатыр, − деді ДДҰ-ның коронавирус жөніндегі арнайы өкілі Дэвид Набарро.