Павлодарда үшем дүниеге келді

Павлодарда үшем дүниеге келді

Павлодарда үшем дүниеге келді
ашық дереккөзі
50287
Облыстық перинаталдық орталықта қала тұрғыны Айгүлім Қабиденова үш сәбиді дүниеге әкелді деп хабарлады turkystan.kz  Pavlodarnews.kz. порталына сілтеме жасап. Қыздардың есімі – Амина, Карима, ұлдың аты – Әлімжан. Балалардың әжесі Ағайша Шәріпова үшін бүгін ерекше күн. Себебі дәл бүгін мерейтой иесі немерелерін перзентханадан шығарып алды.
– Әрине, барлығы Алланың қалауымен болады ғой, – дейді ол. –  Бұл – Алланың бізге берген теңдессіз сыйы.  Сәбилердің дені сау,  аман болсын.  Келініміз үлкен батылдық танытты. Жүктілік кезінде де көңілімізді тауып, жағдайымызды жасап, үйдің берекесін келтіріп жүрді. Балалар айы-күні толық жетіп дүниеге келді. Қуанышымызда шек жоқ.
Әріптесі Рымбек Қабиденовты құттықтауға  ұжыммен бірге келген «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко мұндай отбасылар  жастарға үлгі болуы керек екенін айтады.  width=
– Партия «Бақытты отбасы» маңызды әлеуметтік жобасын жүзеге асырып жатыр. Енді міне, әріптесіміздің отбасында төрт бала бар. Бұл – үлкен қуаныш және сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Балалардың болашағы жарқын болсын! – деп Илья Теренченко жас отбасына ізгі тілегін білдірді. 
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл – биыл Павлодар облысында дүниеге келген үшінші үшем.  width=

Серіктес жаңалықтары