Алматыдағы Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды 

Алматыдағы Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды 

Алматыдағы Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды 
ашық дереккөзі
50364
Конкурстық комиссияның шешімімен Иран Шаметеков Алматы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Иран Шаметеков 2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2000-2001 жылдары Батыс Қазақстан медицина академиясында «Хирургия» мамандығымен интернатурадан өтті. 2006 жылы Д.Қонаев атындағы университетті «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Философия және қоғамдық денсаулық сақтау докторы ғылыми атағы бар. Еңбек жолын 2001 жылы Байқоңыр қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінің хирург-дәрігері болып бастаған. Әр жылдары медициналық мекемелер мен мемлекеттік органдарда қызмет атқарды. 2019 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Иран Шаметеков Нұр-Сұлтандағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.      

Серіктес жаңалықтары