50273
Қазақстандық жас офицер мен Ресей азаматы суға ағып бара жатқан адамды құтқарып қалды
Қазақстандық жас офицер мен Ресей азаматы суға ағып бара жатқан адамды құтқарып қалды
Бурабайда Қазақстандық жас офицер мен ресейлік кәсіби жүзуші баласы бар ер адамды құтқарып қалды деп хабарлады turkystan.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 14 шілдеде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы Үлкен Шабақты көлінде болған. Кешкісін көл жағасында демалып жатқан Ескендір көмек сұрап айғайлаған адамдардың дауысын естіп, жағадан жарты шақырым жерде ауа төсенішіндегі ересек адам мен баланы көреді. Демалушы ер адамның желдің күшеюіне байланысты жағажайға оралуы қиынға соққанын бірден байқайды. Сөйтіп, еш ойланбастан көмекке барады.
«Ескендір Қасымбай ойланбастан көмекке ұмтылып, жүзді. Ол жалғыз емес еді. Екінші жағынан, ресейлік Полина Савельева оған қолдау көрсетті. Кейін анықталғандай, ол кәсіби жүзуші екен», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Бірлескен іс-қимылдың арқасында жағдайды бақылауға алып, жағаға жетті. Оларға басқа демалушылар да көмектескен.
«Жүзу қатты қиын болған жоқ, қайтар жолда қол мен аяқтың шаршағаны сезілді, ентігу пайда болды. Бірақ физикалық дайындық көмектесті. Менімен бірге құтқаруға қатысқан қыз жүзумен айналысқан. Сондықтан спорт бізге көмектесті», - дейді аға лейтенант Ескендір Қасымбай.Жас офицер өз іс-әрекетін батырлық деп санамайтынын айтады. Бұл жағдай туралы құтқарылған адамның туыстары әлеуметтік желіге жариялап, алғыс айтқан.