Атырау облысында жол апатынан 48 жастағы жүргізуші қаза тапты

Атырау облысында жол апатынан 48 жастағы жүргізуші қаза тапты

Атырау облысында жол апатынан 48 жастағы жүргізуші қаза тапты
ашық дереккөзі
50292
Атырау облысында жол апатынан жүргізуші қаза тауып, жолаушы ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы бүгін, 17 шілдеде Мақат ауданының аумағында болған. Осы аудандағы Бәйгетөбе ауылы бағытындағы тас жолдың бұрылысында жергілікті уақытпен сағат 14:09 шамасында Lada Priora көлігі жол жиегіне аударылған. Салдарынан 48 жастағы көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал көлікте отырған 1974 жылы туған жолаушы жарақат алып, ауруханаға түсті.
«Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеуді бастады. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
 

Серіктес жаңалықтары