Дәрігер маса қандай адамдарды шағатынын айтты

Дәрігер маса қандай адамдарды шағатынын айтты

Дәрігер маса қандай адамдарды шағатынын айтты
ашық дереккөзі
51089
Маса шағатын адамды иісі мен дене температурасына қарап таңдайды. Бұл туралы ресейлік дәрігер Елена Андросова айтты деп хабарлады  turkystan.kz "Прайм" агенттігіне сілтеме жасап. Дәрігердің айтуынша, маса сүт қышқылының, аммиактың, кетон тобындағы бірқатар заттардың және кейбір карбон қышқылдарының иісін жақсы көреді. Жәндіктер бұл иісті ондаған метр қашықтықтан сезеді екен.
"Тері микрофлорасы бөлетін заттар масалардың назарын аударатын тағы бір компонент. Барлық адамда микрофлора әртүрлі болады. ...Жалпы, иісі де әртүрлі болады", - деп түсіндірді дәрігер.
Сондай-ақ жәндіктер өз құрбанын бөлінген көмірқышқыл газы арқылы да таңдайды екен. Адам ауыр жұмыс істегенде немесе спортпен шұғылданғанда барлық метаболикалық процестер белсенді бола түседі. Сосын дене температурасы көтеріліп, көмірқышқыл газы көп бөлінеді. Осылайша, адам "масалардың өзіне деген қызығушылығын арттырады". Басқа қан түрлеріне қарағанда, масаға бірінші топтағы қан қан көбірек ұнайтынын дәлелдейтін ғылыми-зерттеу бар. Алайда бұл зерттеу белгілі бір маса түрлеріне жүргізілген.  

Серіктес жаңалықтары