Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты тың дерек жарияланды

Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты тың дерек жарияланды

Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты тың дерек жарияланды
ашық дереккөзі
51439
Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды, Қайрат Боранбаев және «ӨКМ операторы» ісіне қатысты  ақпарат берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар неғұрлым резонанстық істерді тергеп-тексеру ерекше бақылауда. Бұл Қ.Сатыбалдыұлына, Г.Сатыбалдыға, Қ.Боранбаевқа, «ӨКМ» ЖШС операторының басшыларына қатысты және басқа істер. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру органдары қабылдаған шаралармен шамамен 230 млрд теңге, оның ішінде оларды шетелдік юрисдикциялардан қайтару жолымен өтелді», - деді комиссия өкілдері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп-тексеріп жатқан іс бойынша айыпталушылар Люксембургтен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарғаны айтылды.
«Тергеп-тексеру органы «Қазақтелеком» АҚ, «Көліктік сервис орталығы» АҚ және басқа мүлікті жымқыру істері бойынша шамамен 36 млрд теңгені өтетті. ӨКМ Операторы ісі бойынша шамамен 180 млрд теңгені жымқырудың жолы кесілді («ӨКМ» ЖШС шотынан «Жасыл Даму» АҚ-ның (мемлекеттік ұйым, «ӨКМ Операторы» ЖШС акцияларының 100%-ына иелік етеді) шотына аударылды), оның шамамен 100 млрд теңгесі жеңілдікті автонесиелеуге бағытталды» деп жазылған ресми ақпаратта.
   

Серіктес жаңалықтары