Қазақстан оқушылары географиядан халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды

Қазақстан оқушылары географиядан халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды

Қазақстан оқушылары географиядан халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды
ашық дереккөзі
50293
Қазақстан оқушылары географиядан халықаралық олимпиадада 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Қуанышты хабармен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бөлісті деп хабарлады turkystan.kz. Францияда  ұйымдастырылған зияткерлік жарысқа әлемнің 54 елінен 216 оқушы қатысқан.
«Оқушыларымыз халықаралық олимпиадалардағы жетістіктерімен бізді қуантуды жалғастырып келеді. Олар географиядан халықаралық олимпиадада (IGeO-2022) 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынына алтын медальді Санжар Хамитов (Ақтөбе қ.) әкелсе, Еркебұлан Тазабек (Шымкент қ.) қола жүлдені еншіледі. Бұл еліміздің беделді олимпиадаға қатысу тарихындағы қазақстандықтардың екінші алтын медалі екенін атап өткім келеді» деп жазды министр Facebook-тегі  парақшасында.
Балаларды жеңісімен құттықтаған министр олардың ұстаздары мен ата-анасына алғыс білдірді. Сонымен қатар биыл осындай олимпиадалардың жеңімпаздары бұрын-соңды болмаған қолдау шараларына ие болатынын айтты. Президенттің тапсырмасы бойынша қомақты ақшалай сыйақы төлеу және отандық ЖОО-ларға ҰБТ тапсырмай-ақ қабылдау қарастырылып отыр. Алтын медаль алған оқушыға шамамен 4,5 млн теңге, күміс медальға 3 млн-нан аса теңге, қола медальға 1,5 млн-нан аса теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздар да төлемақы алады.    

Серіктес жаңалықтары