50284
Дженнифер Лопес пен Бен Аффлек 20 жылдан кейін үйленді
Дженнифер Лопес пен Бен Аффлек 20 жылдан кейін үйленді
Америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес пен Голливуд актері Бен Аффлек күтпеген жерден кездесіп, бір жыл өткен соң үйленді. Көрермен олардың бас қосуын 20 жыл күткен еді. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды деп хабарлады turkystan.kz.
Ерлі-зайыптылар сенбі, 16 шілде күні Невада штатының Кларк округінде ресми түрде некеге тұрды. Үйленгеннен кейін әнші күйеуінің тегін алған. Қазір әншінің құжаттағы аты-жөні – Дженнифер Аффлек.
Дженнифер Лопес пен Бен Аффлек 2001 жылы «Джильи» фильмінің түсірілімінде танысқан. Ол кезде Лопес екінші күйеуі Крис Джаддпен бірге еді. 2002 жылдың маусым айында онымен ажырасқаннан кейін Бенмен кездесе бастады. Сол жылдың күзінде актер әншіге ұсыныс жасаған болатын. Алайда «бұқаралық ақпарат құралдарының шамадан тыс назарынан» кейін үйлену тойы болмады. Ал «Беннифер» 2004 жылдың басында ресми түрде екі жаққа кеткен еді.
2021 жылдың басында әнші мен актердің сезімдері қайта жанданды. Қыркүйек айында олар Венеция кинофестиваліне бірге келген. Содан кейін Аффлек сүйіктісіне неке сақинасын сыйлап, осы жылдың маусым айында өнер жұлдыздары үй сатып алған.