50238
Ақтауда полицейді итеріп жіберген меценат қамауға алынды
Ақтауда полицейді итеріп жіберген меценат қамауға алынды
Ақтауда полиция қызметкерін итеріп жіберген ер адам 10 тәулікке қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.
Ұсталған азаматтың Хабиб Нурмагомедов қатысқан халықаралық турнирдің ұйымдастырушысы әрі меценат екені анықталды.
«Видеодағы адамның жеке басына қатысты мәлімет белгілі болды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды (ұсақ бұзақылық). Материал әкімшілік сотқа жіберілді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.Айта кетейік, 16 шілде күні Ақтауда халықаралық турнир өтіп, оған Хабиб Нурмагомедов қатысты. Турнирден кейін жанкүйерлер Хабибті қоршап алған видео әлеуметтік желіде таралды. Кадрдан ұйымдастырушылардың бірі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерін итеріп жібергенін көруге болады.