50254
Балқашта дәрігерлер науқасты «ақша үшін» өлтірмек болған
Балқашта дәрігерлер науқасты «ақша үшін» өлтірмек болған
Балқаш қаласында дәрігерлер жансақтау бөлімінде жатқан науқасты «ақша үшін» өлтірмек болды деген күдікке ілінді деп хабарлады turkystan.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Отбасымды шақырыңдар дедім, жатудан бас тарттым. Маған екпе салмаңдаңдар дедім. Сосын олар мені ұрып-соқты, байлап қойып, укол салды. Аузымды жауып тастады. Аппараттан ажыратылсам, өліп қалатынымды айтты, сол кезде түкірігімді жұта алмадым», – дейді медицина қызметкерлерінен қашып шыққан пациент әлеуметтік желіде тараған видеода.Кадр сыртындағы дауыстан бір әйелдің полиция шақырып жатқаны естіледі.
«Пациент Балқаш қаласының орталық ауруханасына ауыр хәлде жеткізілді. Артериялық қан қысымының өте төмен болуына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылды. Медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін пациенттің жағдайы тұрақты. Тексеруден кейін ауруы асқынып кеткені анықталды. Жағдайы қайтадан нашарлауы мүмкін. Аурухана әкімшілігі науқастың туыстарына хабарласып, оның денсаулық жағдайына дұрыстап қарамаса болмайтынын және бұдан әрі анықталмаған ақпаратты таратпау керегін айтты», – деді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.Осыдан кейін оқиғаға құқық қорғаушылардың араласқаны белгілі болды. Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті полицияда тіркелген. Балқаш қаласы орталық ауруханасының медицина қызметкеріне қатысты шаралар қабылдау үшін Қарағанды облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне материал жіберілді.