50265
Түркістан тұрғыны Туды алу үшін жанып жатқан ғимараттың төбесіне шықты (ВИДЕО)
Түркістан тұрғыны Туды алу үшін жанып жатқан ғимараттың төбесіне шықты (ВИДЕО)
Түркістан облысында мемлекеттік мекеме қызметкері мемлекеттік Туды алу үшін өртеніп жатқан ғимараттың төбесіне шықты деп хабарлады turkystan.kz "Отырар" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 17 шілдеде Сайрам ауданы Ақсукент ауылында болған. Ғимарат өртеніп жатқан кезде оның төбесінен мемлекеттік Туды алған сәттің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Түркістан облысы ТЖД мәліметі бойынша, видеодағы өз өмірін қатерге тіккен адам Жұмыспен қамту орталығының қызметкері болып шықты.
«Жұмыспен қамту орталығының бір қабатты ғимараты мен «Светофор» дүкенінің шатыры, жалпы 413 шаршы метр аумақты өрт шарпыды. Сағат 14.31-де өрт оқшауланып, 16.15-те жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінен.29 өрт сөндіруші мен сегіз полиция қызметкері өртті сөндірді. https://www.youtube.com/watch?v=zCscmLc6L8c&ab_channel=OTYRAR