50622
Өрт ішінен Туды алып шыққан жігіт оқиға қалай болғанын айтты
Өрт ішінен Туды алып шыққан жігіт оқиға қалай болғанын айтты
Кеше мемлекеттік Туды алу үшін өртеніп жатқан ғимараттың төбесіне шыққан азаматтың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланды деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға Сайрам ауданы Ақсукент ауылында болған. Әрекетіне жұрт тәнті болған азамат Жұмыспен қамту орталығының қызметкері Мұхамед Қансейіт болып шықты. Ол туысының үйіне барған кезде ғимараттың өртеніп жатқанын байқаған екен.
«Кеше демалыс болды ғой. Жұмыста ешкім болған жоқ. Мен туысымның үйіне бардым. Алыстан қарасам, қатты түтін шығып жатыр. Жақындаған сайын өршіп барады. Жүгіріп бардым да, барлық есікті аштым. Сосын Елтаңбаны көріп, бірден суырып алдым. Алдымен оны қауіпсіз жерге апарып қойдым», - деді Мұхамед Қансейіт Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.Елтаңбаны апарып қойғаннан кейін есіне Ту түскен.
«Бізге жапсарлас тұрған бір ғимарат бар. Сол арқылы шатырға шықтым да, Туды түсіріп алдым. Жарақат алған жоқпын», - дейді ол.26 жастағы Мұхамед Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің маманы болып жұмыс істейді. Үйленген, бір баласы бар.