«Ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістер туралы айтты

«Ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістер туралы айтты

«Ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістер туралы айтты
ашық дереккөзі
50316
Қаржы министрлігі Қазақстанның Бюджет кодексіне енгізу ұсынылған «Үмітсіз берешек» түсінігі бойынша кредитордың талаптарын тоқтату, түзетуге қатысты түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz.
 «Елдің несие портфелін 90-жылдардағы өтелмеген қарыздармен байланысты мерзімі өткен берешектерден тазарту мақсатында «Үмітсіз берешек» түсінігі және олар бойынша кредиторлардың талаптарын тоқтату енгізілді», - деп жазылған құжатта.
Жобада аталған несиелер бойынша борышкерлердің құқықтық жағдайы туралы ешқандай ақпарат жоқ екені, Әділет министрлігінің деректер базасында да олар туралы мәлімет жоқ екені  көрсетілген. Осыған байланысты, қолданыстағы бюджет заңнамасы аясында бар берешектерді өндіріп алу, сондай-ақ оларды есептен шығару бойынша одан әрі жұмыс жүргізу мүмкін емес. Тұжырымдаманы түсіндірген Қаржы министрлігі есептен шығару сомасын нақты көрсету мүмкін емес екенін жеткізді.
«Әңгіме халыққа (жеке тұлғаларға) берілген несиелер туралы емес. Әңгіме 90-жылдары тікелей бизнеске берілген бюджеттік кредиттер (кредитор-мемлекет, екінші деңгейдегі банктер емес) туралы болып отыр (әкімдіктер мен Үкіметтің кепілдігімен берілген, өз айналым қаражатын толықтыруға берілген директивтік кредиттер және басқалар)», - деді министрлік.
Ведомствоның мәліметінше, қарыз алушылар мен растайтын құжаттарды іздеу жалғасып жатыр.
«1 қаңтардағы жағдай бойынша, қарыздың реттелмеген сомасы шамамен 120 миллиард теңге. Үкіметтің талаптарын тоқтатудың негіздері заңмен белгіленбеген», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.  

Серіктес жаңалықтары